Апатта қаза болған әйелдің мәйiтiн Қазақстанға жеткізу және басқа да медициналық көмек көрсетуге қажеттi төлемақылардың барлығын Омбы қаласының әкiмшiлiгi өз мойнына алады

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - 17 тамызда орын алған Ресейдегі Ертіс өзенінде жолаушылар теплоходы мен жүк баржасының қақтығысуына байланысты бүкiл шығындар, оның iшiнде мәйiттi Қазақстанға жеткізу және басқа да медициналық көмек көрсетуге қажеттi төлемақылардың барлығын Омбы қаласының әкiмшiлiгi, яғни Ресей тарапы өз мойнына алады.

Апатта қаза болған әйелдің мәйiтiн Қазақстанға жеткізу және басқа да медициналық көмек көрсетуге қажеттi төлемақылардың барлығын Омбы қаласының әкiмшiлiгi өз мойнына алады

Бұл туралы бүгін ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлімдеді.

«ҚР Омбы қаласында орналасқан консулдық қызмет Омбы әкiмшiлiгiмен және басқа да құзыреттi органдармен тиiстi байланыстар орнатты және қаза тапқан, жарақат алған қазақстандықтардың туыстарымен тиiстi байланыс орнатылды», - деп атап өттi ол.

«Омбы қаласындағы бiздің консулдықтан келiп түскен ақпараттарға сәйкес, бүкiл шығындар, оның iшiнде мәйiттi Қазақстанға жеткізу және басқа да медициналық көмек көрсетуге қажеттi төлемақылардың барлығын Омбы қаласының әкiмшiлiгi, яғни Ресей тарапы өз мойнына алады», - дедi Н. Айтмаханов.