Апатты үйлерден көшірілетін тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүзеге асырылады - Вице-Премьер

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Апатты үйлерден көшірілетін тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету қазір жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Вице-Премьер Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, тұрғын үй қорын ұстап тұру үшін апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жөнінде іс-шаралар әзірлеп, жүзеге асыру жоспарланып отыр. «Біз апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзумен байланысты мәселелерді кешенді түрде қарастырудамыз. Ең алдымен біз тұрғын үй қорын паспорттандыру мәселесін алға қойып отырмыз, бұған қаржы бөлініп жатыр. Бұл өте маңызды дүние, себебі біз қанша шаршы метр тұрғын үй апатты жағдайда тұрғанын білуіміз керек», деді өз сөзінде С. Ахметов. Сонымен қатар Вице-Премьер адамдар тұратын үй-жайларды ұстап тұру үшін тұрғындардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап көрсетті. «Тұрғындардың жауапкершілігін арттыру қажет. Себебі біздің халықтың басым көпшілігі өз тұрғын үйінің меншік иесі болып табылады, сондықтан жауапкершілік теңдей бөлінуі тиіс», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар