Апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адам мерт болды - БҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының аумағына шұғыл қонған тікұшақтағы 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Азаматтық авиация комитеті таратқан соңғы мәліметке сенсек, Төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен.

Апаттан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті.

Азаматтық авиация комитеті тікұшақ қатты қонған кезде қаза тапқан азаматтардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментінің қызметкерлері оқиға орнына барады» деп хабарлады комитет.


Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, бортта болған 6 адамның бесеуі - экипаж мүшелері, бірі - «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі. Қаза болған 4 адамның барлығы - экипаж мүшелері, ТЖМ-ге қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Батыс Қазақстан облысы аумағына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын жазған едік.

Кейіннен Азаматтық авиация комитеті тікұшақ экипажының арасында зардап шеккендер бар екенін хабарлады.

Фото: t.me/qr_tjm



Соңғы жаңалықтар