Апельсин шырыны апельсиннің өзіне қарағанда пайдалырақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Апельсин шырыны апельсиннің өзіне қарағанда пайдалырақ екен.

Апельсин шырыны апельсиннің өзіне қарағанда пайдалырақ

Жаңа зерттеу көрсеткендей, шырында қант көп. Дегенмен біздің организм пайдалы заттарды жемістен гөрі шырыннан көбірек сіңіреді екен, деп хабарлады Zee News.

Апельсин каротиноидтар мен флавоноидтар сынды пайдалы заттарға бай. Олар обырдың кейбір түрлерінің және жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болу қаупін төмендетеді.

Тағы бір зерттеу жеміс шырыны қан қысымын көтеретінін көрсетті.