Апелляциялық сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады.

Апелляциялық сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Фото: видеодан алынған кадр

– Апелляциялық шағым қаралып, өзгеріссіз қалдырылды, – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Осыған дейін, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсіргені туралы жазған едік. 

Айта кетейік, Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді. 

Еске сала кетейік, 2023 жылы ақпанда Нұрасыл Болат Алматыда заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жықты. 

Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты пікір білдірді. 

Соңғы жаңалықтар