АПОЭЛ-АСТАНА: Әлi есеп ашылған жоқ

АСТАНА.ҚазАқпарат - Кипрде өтiп жатқан УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңiндегi АПОЭЛ-Астана матчын елорда тұрғындарымен бiрге Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров та тамашалауда.
None
None

Әзiрге, матчтың бiрiншi таймында есеп ашылған жоқ. «Астана» командасы өз алаңында АПОЭЛ командасын 1:0 есебiмен жеңген.

«Егер бiз сенсек, ойыншылардың өзi сенсе, «Астана» жеңедi. Әлi есеп ашылған жоқ, сондықтан, бәрiмiз бiрге «Астананың» жеңiсiн тiлейiк»,-дедi халық алдында сөз алған Винокуров. Айта кетейiк, «Астана» футбол командасының жанкүйерлерi «Қазмедиа» орталығының үлкен экранынан матчты тiкелей эфирде тамашалауда. Астана түнiнiң салқындығына қарамастан, елорда халқы өз командасын қолдауға көп жиналды.

Соңғы жаңалықтар