АПОЭЛ «Астанадан» Каньясты тартып алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кипрлік АПОЭЛ "Астана" клубының колумбиялық жартылай қорғаушысы Роxер Каньяспен келіссөздер жүргізуде. 

АПОЭЛ «Астанадан» Каньясты тартып алмақ

Бұл туралы АПОЭЛ клубы мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Сағат 14:00-де Кипрге біздің клубқа ауысу туралы келіссөздер өткізу үшін жартылай қорғаушы Роxер Каньяс келіп жетті", - деп жазылды АПОЭЛ-дің Твиттердегі ресми аккаунтында .

26 жастағы Каньяс "Астана" сапында 2014 жылдан бері ойнайды. Ол клуб құрамында Қазақстан премьер-лигасының үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде өнер көрсетті. "Астанаға" дейін қарағандылық "Шаxтер" клубында доп тепті. Оның сапында Каньяс 2012 жылы ҚПЛ чемпионы атанды.

Айта кету керек, Каньяс қазақстандық клуб құрамында Еурокубоктарда ең көп матч өткізген футболшы.