АПОЭЛ ойыншылары Есіл жағасын аралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана-Арена» стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» командасымен кездесетін кипрлік «АПОЭЛ» ойыншылары Есіл өзенінің жағасында серуендеді.
«Таңғы ас. Серуен» деп жазылған «АПОЭЛ» футбол клубының Фэйсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында #apoelfclive #astanaapoel #ucl хэш-тегімен салынған бұл суретті әлеуметтік желіні пайдаланушы 1000-ға жуық адам «ұнатып», сурет астына «АПОЭЛ» жанкүйерлері өз тілектерін жазған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 22.00-де «Астана-Арена» стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде елордамыздың «Астана» футбол клубы өз алаңында кипрлік «АПОЭЛ» командасымен ойнайды. Ал, қарымта матч 26 тамыз күні Никосияда болады (Астана уақытымен түнгі сағат 00.45-те).