Apple акцияларының бағасы 400 доллардан төмен түсті

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Apple америкалық корпорациясы акцияларының бағасы бір жарым жыл ішінде алғаш рет 400 АҚШ долларынан төмен түсті. Соңғы рет Apple акциялары 2011 жылдың желтоқсанында аталған деңгейден төмен саудаланған еді, деп хабарлайды ВВС.
None
None

Акциялардың құлауына Cirrus Logic компаниясы үшін қолайсыз қаржылық болжам жариялануы ықпал етті. Apple құрылғыларына чиптерді Cirrus Logic компаниясы жеткізеді екен. Бұл чиптер iPhone және iPad-қа пайдаланылуда.

Apple акциялары бірнеше айдан бері арзандап келеді. Өткен жылдың қыркүйегінде бір акцияның құны 700 долларды құраған еді.

Соңғы жаңалықтар