Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Apple басшысы iPhone бағасын төмендетуге сөз берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple iPhone бағасын төмендету бойынша жұмыстар жүргізуге ниетті, деп хабарлады үндістандық NDTV телеарнасына берген сұхбатында америкалық компанияның бас директоры Тим Кук. Кук iPhone бағасының жоғары болуына салықтар себеп болып отырғанын айтты, деп хабарлады РБК.

Apple басшысы iPhone бағасын төмендетуге сөз берді

«Біз бағаны төмендету бойынша жұмыстар жүргізгіміз келеді», - деді Кук.

Оның сөзіне қарағанда, компания бұл мақсатқа жетудің бірнеше жолын қарастырып отыр.

Кук Үндістандағы iPhone бағасын АҚШ-тағы құнына дейін жеткізуді мақсат етіп отырғанын айтты. Алайда Apple өз жабдықтарының сапасын түсіргісі келмейді, - деді Кук.