11:10, 04 Ақпан 2023 | GMT +5
Apple, Google және Amazon өткен жылы айтарлықтай шығынға батты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Хайтек алыптары 2022 жылы қомақты табысынан айырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Apple басшылығы төрт жылда бірінші рет тоқсандық табыс төмендегенін мәлім етті
2022 жылдың соңында Apple өнімдерінің сатылымы 5%-ға төмендеген.
Купертино бұл жылдың басым бөлігінде күшінде болған Қытай зауыттарындағы ковид шектеулеріне де байланысты екенін мәлімдеді (компанияның Қытайда бірнеше зауыты бар).
Google жыл соңында жарнамалық кірістің 9 жылдағы ең төменгі өсімін атап өтті.
Таза пайда өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға қысқарған. Бұл ковидтің салдары аясында жарнама берушілердің сақтығына байланысты.
Amazon онлайн-ритейлері әзірге кірістің 15 пайыз өскенін хабарлады, бірақ таза пайда аздап төмендеген.
Компания жаппай қысқарту жоспарын жариялап, осы жылға өте мұқият болжамдар жасаған болатын.
Фото: Gene J. Puskar/Copyright 2023 The AP