Apple iPhone 18 Pro смартфондарын таныстырды
АСТАНА. KAZINFORM - Apple компаниясы жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын таныстырды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Смартфондарға 48 мегапиксельді жаңа Fusion негізгі камерасы орнатылған. Камераның диафрагмасын өзгертуге болады. Apple компаниясының мәліметінше, мұндай технология iPhone смартфондарында алғаш рет қолданылып отыр және түсірілім параметрлерін қолмен реттеуге мүмкіндік береді.
Екі модель де жаңа A20 Pro чипімен жұмыс істейді және жаңартылған салқындату жүйесімен жабдықталған. Бұдан бөлек, компания Dynamic Island өлшемін кішірейтіп, құрылғылардың автономды жұмыс істеу уақытын ұзартқан.
iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max төрт түсте – қара, күміс, мұздық және жаңа бордо түстерінде қолжетімді болады. Алдын ала тапсырыс 12 қыркүйекте ашылады, ал смартфондардың сатылымы 18 қыркүйекте басталады.
Бұған дейін Джон Тернус Apple компаниясының бас атқарушы директоры болғаны хабарланған еді.