Apple қайтадан әлемнің ең қымбат брендіне айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple брендінің құны iPhone смартфонының сатылуы төмендегеніне қарамастан 5%-ға артты. Рейтинг жасаған Interbrand компания логотипін 178 млрд долларға бағалады, оны өкшелеп келе жатқан Google құны 11%-ға артып 133,25 млрд доллар болды. Apple брендінің қымбаттауы 2003 жылдан басталды. Сол кезде оның құны $5,2 млрд болатын.
Жоғары технологиялар саласы рейтингінде 4-орында Microsoft компаниясы. Оның бренді $72,79 млрд тұрады. IBM 19%-ға арзандап, 6-орында тұр. Оның құны $52,5 млрд-қа бағалануда. Samsung пен Amazon қымбаттады. Олардың брендтері $51,8 млрд пен $50,33 млрд болды, деп хабарлайды onliner.by.
Тізімнің бас жағындағы тез көтеріліп кеде жатқан брендтер Facebook пен Amazon, олардың құны 48% және 33%-ға өсті.