Apple компаниясы «ақылды» сағат шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық   Apple корпорациясы жұртшылыққа LTE қолдауымен жаңа Apple Watch смарт-сағат шығаруға уәде берді.

Apple компаниясы «ақылды» сағат шығарады

Жаңа гаджетпен желіге шығып, смартфонға міндетті қосусыз дербес қоңырау шалуға болады.

Wall Street Journal хабарлағандай, корпорация девайстың жаңа үлгісін шығару ниеті жайлы бұдан бұрын да айтқан.