Apple компаниясы iPhone 7 смартфонының сатылымға шығатын уақытын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясы биылғы жылы смартфонның жаңа екі түрін - iPhone 6s пен iPhone 7 смартфондарын шығара алады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Жарияланған мәліметтердің біріне қарағанда, iPhone 6s смартфоны iPhone 6-ның қарапайым түрі және бұлар Watch ақылды сағаттарымен бірге осы жылдың алғашқы жартысында сатылымға шығады. Ал басқа бір мәліметтерде iPhone 6S мен iPhone 7 смартфондарының екеуі де ресми түрде қыркүйек айында таныстырылады деп айтылған.