Apple компаниясы сынып қалған iPhone телефонын жаңаға айырбастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясы сынып қалған iPhone телефонын жаңаға айырбастайды, деп жазады шетелдік БАҚ. Reuse and Recycle жүйесіне сәйкес, тұтынушылар телефонды қай жерден сатып алса, сол жерге барып жаңасын ала алады.
Бұндай жүйе бұрын да жұмыс жасаған болатын. Алайда ол кезде телефонды белгілі бір жерлері істен шыққанда ғана сату мүмкін болған. Ал қазір тұтынушылар телефондарының экраны сынып немесе тетіктері жарамай қалса да сата алады.
Сонымен бірге компания өз клинеттеріне сатып алған телефондарына қорғаныс шынысын да салып бере алады.
Компания осы жүйе арқылы iPhone сатылымын ұлғайтуды көздеп отыр.