Apple мен Samsung компанияларының текетіресі сотқа жетті

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген қазақтың мақалы Apple мен Samsung компанияларына қатысты айтылған тәрізді. Apple компаниясы Калифорнияның аймақтық сотына Samsung-тің 22 өнімінің үстінен шағым түсірген, деп хабарлайды Baq.kz.
None
None

Аррle құжатына назар аударсақ, онда былай делінген: «Samsung компаниясы жақында өзінің жаңа Galaxy S4 смартфонын таныстырды. Тауар 2013 жылдың сәуірінде сатылымға шықты. Біз жасаған талдау бойынша, олар біздің патентті бұзып отыр. Сондықтан да ол «қара тізімге» енуі керек. 22 өнімнің барлығы да біздің технологиямен жасалынған».
«Қара тізімге» танымал Galaxy S III, Galaxy Note II, Galaxy Note 10.1 және Galaxy Tab 2 10.1 гаджеттері де кіреді. Осыған жауап ретінде Samsung те Аpple-ге қарсы шағым түсірді. Олардың пікірінше, iPhone, iPad, iPod, Mac және Apple TV өнімдері технологиясының барлығы оңтүстіккореялық компаниядан ұрланған.

Осы дауға қатысты сот шешімі келесі жылы шығады. Екі арадағы дау-дамайға қарамастан, әлемдегі ең беделді басылымдардың бірі Consumer Reports Samsung Galaxy S4 смартфонын әлемдегі ең үздік құрылғы деп жариялап жіберді. Яғни, Consumer Reports өзінің жасаған қорытындысында смартфонды жан-жақты тоқталған. Оның ішінде 5-дюймды Full HD дисплейін және қолдың қимылымен басқарылатын, тіпті қолғаппен сенсорды басуды тани алатын мүмкіндіктерін жоғары бағалаған.
Айта кететін бір жайт, Samsung смартфоны бұған дейін ешкімге дес бермей келген LG Optimus G құрылғысын басып озды. Мамандар Samsung Galaxy S4 телефонын әлемдегіAndroid-смартфондары арасынан сатылымы ең көп құрылғы болады деп болжап отыр. Оның үстіне Samsung бір айдың өзінде жаңа смартфонның 10 миллион данасы сатылып үлгерген.
Кейбір сарапшылардың пікірі бойынша Apple компаниясы Samsung-ты сотқа беру арқылы, кореялық компанияның өнімдеріне сұранысты төмендетуді мақсат еткен. Бірақ Аpple компаниясының бұл айласынан ойдағыдай нәтиже шықпаған тәрізді.

Соңғы жаңалықтар