Apple өз іздеуші жүйесін әзірлеуді жоспарлауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясы Apple Search іздеу платформасын техникалық тұрғыда дамытумен айналысатын маман іздестіріп жатыр. Олар жасап шығаратын платформаны жүз миллиондаған адамдар пайдаланатын болады, деп жазады rosbalt.ru.
Кей сарапшылар жаңа іздеу платформасын құруда Yahoo және Google-мен бәсекелестік көзделмегенін, әңгіме Spotlight сервисін жетілдіру және оның келешекте компанияның басқа да сервистеріне қосылуына жағдай жасау туралы екендігін айтады.