Apple өз қызметкерлерін қысқартады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Apple компаниясы басқа да америкалық техника алыптары секілді штатын қысқартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат AppleInsider-ге сілтеме жасап.
None
Фото: ARMANDO BABANI/EPA-EFE/REX/SHUTTERSTOCK

Қызметкерлерді қысқарту бөлшек сауда ұжымдық бөлімінің штатында жүргізіледі. Бұл компанияның жұмысын белсенді ету мақсатында жоспарланған шаралардың бірі болмақ. Силикон алқабы Facebook, Amazon, Google, Microsoft және басқа да ірі компаниялар қызметкерлерді жаппай қысқартқан еді. Apple осыған дейін бұл жағдайдан айналып өтіп келді.

Bloomberg жазуынша, Apple-дың ұжымдық бөлшек командасы кезекті қайта құрылымдаудан өтеді. Компания қысқартылатын жұмысшылардың нақты санын айтқан жоқ. Бұл жаңалықты құпия дереккөздер таратты, ал Apple-дың өзі әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөздердің айтуынша, Apple қызметінен босатылған жұмысшылардың бәріне қолдау көрсетуге ниетті.


Соңғы жаңалықтар
Референдум