Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Apple өзіне айфон сатып ала алмағандарға 100 долларлық сыйлық карталарын таратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple өзіне айфон сатып ала алмаған фанаттарына 100 долларлық сыйлық карталарын таратты, деп жазды Mashable.

Apple өзіне айфон сатып ала алмағандарға 100 долларлық сыйлық карталарын таратты

Ресми сатылым басталғаннан бір күн бұрын Apple айфондардың кей модельдері дүкен сөрелерінде болмай қалуы мүмкіндігін мәлім етті. Өйткені олар алдын ала тапсырыс бойынша толығымен сатылып кеткен.

Кей модельдердің болмауы айфонның жаңа моделін сатып алмақ болып, бірнеше күн бұрын, тіпті бірнеше апта бұрын дүкендер алдына кезекке тұра бастаған фанаттардың көңілін түсірді.  Сондықтан компания барлығына сыйлық ретінде 100 долларлық карталарды сыйға тарту шешімін қабылдады.