Apple: танымал әртістердің жеке фотоларының ұрлануына iCloud себепкер емес
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге танымал жұлдыздардың жеке фотоларының (жартылай жалаңаш) ғаламторға жайылып кетуіне мақсатты шабуыл себеп болған, деп хабарлайды Apple корпорациясы.
Компания пайдаланушыларына жеке суреттердің таралып кетуіне Apple iCloud - деректі көппен бөлісу жүйесінен болған ақау себеп еместігін дәлелдеу мақсатында жеке зерттеу жүргізген.
Apple-дың ақпаратынша, хакерлердің шабуылы нақты адамдардың есімдеріне және құпия кодтарына бағытталған.
Даулы оқиғаға байланысты істі тергеу жұмысына ФБР қызметкерлері де араласқан.
Айта кетейік, осыдан біраз бұрын танымал бір топ жұлдыздың жеке фотолары ғаламторға жайылып кеткен болатын. Оған жауапты адамдар әлі іздестірілуде.