Apple телефонда ақылы ойындар ойнаған балалардың ата-аналарына 32,5 млн долларды қайтаратын болды
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Apple американдық компаниясы өзінің тұтынушыларына 32 мыңнан астам доллар көлеміндегі қаржыны қайтаратын болды, деп хабарлайды Утро.ру.
Себебі ата-аналарының келісімінсіз және рұқсатынсыз балалар осындай сомаға мобильдік қосымшаларды сатып алып, пайдаланған. Бұл іске қатысты ондаған мың арыз-шағым Apple өкілдерімен келісім жасасқан АҚШ-тың сауда-саттық жөніндегі Федералдық комиссиясына түскен. Балаларының интернетте ойындар ойнағаны үшін бірқатар ата-аналарға мыңдаған долларға дейін төлем есепшоттары келген. Американдық ведомстволармен жасаған уағдаластықтары негізінде, енді Apple компаниясы өзінің төлемдерді қабылдау жүйесін де өзгертуге мәжбүр.