Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Apple жаңа iPad пен ашық қызыл түсті iPhone 7 шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple корпорациясы ашық қызыл түсті iPhone 7 және 7 Plus, жаңа бейнеқосымша және жаңа iPad өндірді, олар 24 наурыздан бастап сатылымға шығарылады.

Apple жаңа iPad пен ашық қызыл түсті iPhone 7 шығарды

Жаңа смартфондардың құны шамамен 1-1,5 мың долларды құрайды.

Осылайша, компания RED - СПИД-ке қарсы бағдарламамен ынтымақтастығының 10 жылдығын атап өтуде. Арнайы серия сатылымынан түскен қаражат Жаһандық ЖИТС-ке қарсы күрес қорына аударылады.

Атап айтқанда, жиналған қаражат АИТВ жұқпасының алдын алу бағдарламасына және зерттеуге жұмсалады.