Апта басында доллар қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 449,00 теңгеден сатып алынады, 456,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 501,96 теңге, сату — 511,96 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,17 теңге, сату — 5,37 теңге;
— юань 65,95 теңгеден сатып алынады, 70,18 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 451,80 теңге, сату — 454,39 теңге;
— еуро: сатып алу — 506,76 теңге, сату — 511,40 теңге;
— рубль 5,12 — 5,25 теңге аралығында саудаланады.
— юань 66,81 — 69,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 4,06 теңгеге өсіп, 453,93 теңге болды.