Апта басында Астанада жаңбыр жауады

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада аптаның басы жауын-шашынды болады. Бұл туралы аstana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Апта басында Астанада жаңбыр жауады

Алдағы күндері күн құбылмалы болады, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде +11+14°C, күндіз +19+24°C деңгейіне жетеді.

«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°C, күндіз +22+24°C болады», - делінген Қазгидромет мәліметінде.

Сейсенбі күні елордада күн ала бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы +11+13°C, күндіз +21+23°C болады.

Аптаның ортасында күн ала бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°C, күндіз +19+21°C болады.