Апта ішінде 1 мың 711 қылмыс жасалып, оның 1 мың 355-інің ізі суымай ашылды -апталық брифинг

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Тамыздың 29-ы мен қыркүйектің 4-і аралығындағы елдегі қылмыстық жағдайды тұрақты деп бағалауға болады.
None
None

Апта ішінде 1 мың 711 қылмыс жасалып, оның 1 мың 355-інің ізі суымай ашылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Ол таратқан мәліметтерге қарағанда, апта ішінде бұрын жасалған 325 қылмыстың беті ашылып, қылмысқа қатысы бар деген күдікті 56 адам табылған. Сондай-ақ 7 бірлік атыс қаруы тәркіленіп, 152 есірткіге қатысты қылмыс әшкереленген.

 «Астанада тәртіп сақшылары ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстап, одан 101 грамм героин тәркілесе, Алматыда Грузия азаматы жүргізіп келе жатқан «Фиат» автокөлігін тоқтатып, одан 4,5 грамм героин тапты. Сондай-ақ грузиялықтың жолаушысы Алматы қаласы тұрғынының үйінен 990 грамм героин табылды», деді департамент бастығы.

Соңғы жаңалықтар