Апта ішінде 2801 қылмыстың «ізі суымай» беті ашылды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5200 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2801 қылмыстың беті ашылды. Бұл жайында ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.
Бұрын жасалған 737, оның ішінде өткен жылдардағы 40 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 139 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 18 бірлік қару-жарақ тәркіленді. 94 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 38 сату фактісі бар. 2 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді.