13:11, 08 Тамыз 2012 | GMT +5
Апта ішінде 6114 қылмыс тіркелді
АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат -Апта ішінде 6114 қылмыс тіркеліп, оның 3256-сы «ізі суымай» ашылды.

Бұл туралы бүгін ІІМ өткен брифинг барысында мәлім болды.
Атап айтқанда, өткен апта бойынша бұрын жасалған 701, оның ішінде өткен жылдардағы 54 қылмыстың беті ашылды. Бұдан бөлек, іздеу жарияланған 83 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 44 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 21 сату фактісі тіркелді. Екі тоннадан астам есірткі құралы тәркіленді, оның ішінде героин де бар.