Апта ішінде 6542 қылмыс тіркелді - Н. Ораз

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Апта ішінде 6542 қылмыс тіркеліп, 3582-нің «ізі суымай» ашылды.

Апта ішінде 6542 қылмыс тіркелді - Н. Ораз

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі брифинг барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен апта барысында бұрын жасалған 766, оның ішінде өткен жылдардағы 133 қылмыс ашылған. Бұдан бөлек іздеу жарияланған 91 қылмыскер табылды. Заңсыз қолданыстағы 5 қару алынған. «63 есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 19 фактісі ашылды. 3 тоннадан астам есірткі заттары мен 161 грамм героин тәркіленді», - дейді Н. Ораз.