Апта ішінде елімізде 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді - ІІМ

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Өткен аптада республикада 3 мың 602 қылмыс жасалып, оның 2 мың 59-ның ізі суымай ашылды.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның деректеріне қарағанда, апта ішінде іздеуде жүрген 99 күдікті қолға түсіп, 5 атыс қаруы тәркіленген. Сондай-ақ есіртікінің заңсыз айналымымен байланысты 112 қылмыс анықталып, оның 40 фактісі есірткіні саудалауға қатысты болған. Заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі алынды.

Соңғы жаңалықтар