Апта ішінде елімізде 7,5 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Апта ішінде 7 589 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 195 қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінде хабарланды.

Апта ішінде елімізде 7,5 мың қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

Бұрын жасалған 748 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 36 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 96 қылмыскер ұсталып, 5 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 54 қылмыс анықталды, оның ішінде 25 сату фактісі. 1,5 тоннадан аса есірткі заты тәркіленіп, соның 4 келісі героин.