Апта ішінде «ізі суымай» 2 157 қылмыстың беті ашылды - ІІМ

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда апта ішінде 3 960 қылмыс тіркелді, соның 2 157-сі «ізі суымай» ашылды.

Апта ішінде «ізі суымай» 2 157 қылмыстың беті ашылды - ІІМ

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұрын жасалған 686 қылмыс, соның ішінде өткен жылдар санатындағы  457 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 97 қылмыскер іздестіріліп, табылды. Заңсыз айналымнан 8 қару алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 66 қылмыс анықталды, оның  38-і сату фактісі бойынша.  7  келіден астам есірткі заты алынды, оның ішінде 1,5 келісі - героин.