Апта ішінде «ізі суымай» 2699 қылмыстың беті ашылды - ҚР ІІМ

АСТАНА.  12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5671 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2699 қылмыстың беті ашылды.

Апта ішінде «ізі суымай» 2699 қылмыстың беті ашылды - ҚР ІІМ

ҚР ІІМ мәліметтеріне қарағанда, бұрын жасалған 710, оның ішінде өткен жылдардағы 36 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 124 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 12 бірлік қару-жарақ тәркіленді.

Сондай-ақ есірткі қылмысына қатысты 40 факті анықталды, оның 16-сы сатумен байланысты. Нәтижесінде 130 келіден астам есірткі заты тәркіленді.