Апта ішінде республика бойынша 3782 қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

ТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Апта ішінде 3782 қылмыс тіркеліп, оның 1834-і ізі суымай ашылды. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Апта ішінде республика бойынша 3782 қылмыс тіркелді - ҚР ІІМ

«Апта ішінде 3782 қылмыс тіркеліп, оның ішінде ізі суымай 1834 және бұрын жасалған 447 қылмыс ашылды. 87 күдікті іздестіріліп, табылды, 6 қару алынды», - деді ол.

Сондай-ақ министрлік өкілінің атап өтуінше, апта ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 60 қылмыс анықталған. Оның 22-сі есірткі сату фактісі болып отыр. Үш тоннаға жуық (2800 келі) есірткі алынған, оның 7 келесі есірткінің ең ауыр түрі - героин.