Апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде тауар өндірушілер 850 тоннаға жуық өнім ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы демалыста апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері қатысады. «Мега» СОО алдындағы алаңда әр өңірдің тауар өндірушілері 850 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімін әкеледі.

Апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде тауар өндірушілер 850 тоннаға жуық өнім ұсынады

Астана қаласы Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар тағам түрлері, атап айтқанда, картоп, пияз, қызанақ, қияр және т.б. көкөніс түрлері, ет, балық, кондитерлік өнімдер сатылады.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі әр апта сайын жәрмеңкелер ұйымдастырады. Тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан сатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінен бөлек, қазіргі таңда тұрақты түрде Астана мен Ақмола облысының жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңке қаланың үш ауданында: «Алматы» ауданында - Абылай хан даңғылының бойында және Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының көлік тұрағының аумағында, «Есіл» ауданында Сауран көшесінде ХҚКО жанында, «Сарыарқа» ауданында - Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» СО ұйымдастырылады.