22:41, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Апта соңына қарай аяздың беті қайтады
АСТАНА. Қазақпарат - Аптаның соңына қарай аяздың беті қайта бастайды деп хабарлады www.24.kz.

Елордада ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді.
Есесіне, жақын күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн суытуы мүмкін. Синоптиктердің соңғы үш күнге берген ақпаратына сүйенсек, ол аймақтарда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз сынап бағанасы -10-15 градусты құрайды. Еліміздің басым бөлігінде антициклонның ықпалымен бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы күйшейіп, ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді.
- Астана қаласында ертен жауын-шашынсыз күн райы байқалады, бұрқасын болады, ауа температурасы түнде 26-28 градус аяз, алдағы күндері 18-20 градус аязға дейін көтеріледі. Күндіз алдағы үш күнде сынап бағанасы 16-18 градус шамасында болмақ, - деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Әлия Оспанова.