Апталдай 5 азаматтың ажалы судан болды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте елімізде 5 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Апталдай 5 азаматтың ажалы судан болды - ҚР ТЖМ

22 маусым күні Ақмола облысы Родионовка ауылында 43 жасар азамат Есіл өзеніне батып кеткен. 23 маусым күні оның мәйітін құтқарушылар судан алып шықты.

23 маусым күні Ақтөбе қаласы Заречный кентіндегі Илек өзеніне 25 жасар азамат батып кетті. Оның мәйітін де сол күні құтқарушылар судан алып шықты.

23 маусым күні Өскеменде 20 жасар азамат Ертіс өзеніне суға түсіп жүріп, ажалын судан тапты.

Сонымен қатар Қостанай облысының Новоселовка ауылындағы өзенге 26 жасар азамат батып кеткен. Оңтүстік Қазақстан облысы Боралдай елді мекеніндегі Боралдай өзеніне 1967 жылы туған азамат батып кеткен. Оның мәйітін құтқарушылар 23 маусым күні судан алып шықты.