Аптаның ортасында Астанада жаңбырлар қайта күтілуде
АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада жаңа жұмыс аптасының басы жауын-шашынсыз, жылы болады.
Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбі, сейсенбі күндері көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды. Ал сәрсенбі күні аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты болады, жаңбыр жаумайды. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°C, күндіз +24+26°C-ге жетеді», - делінген Қазгидромет мәліметінде.
Сейсенбі күні елордада ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°C, күндіз +25+27°C болады.
Сәрсенбі күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +25-+27°C-ге дейін жетеді.