Аптап ыстық Еуропаның балық шаруашылығына миллиондаған доллар шығын келтірді

АСТАНА. KAZINFORM – Биылғы жазда Еуропаның бірқатар елінде болған аптап ыстық пен құрғақшылық тұтас экожүйелерге әсер етіп, балық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірді. Бұл туралы ТАСС агенттігі Associated Press деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Аномальная жара ударила по рыбной промышленности Европы
Фото: Kazinform/ЖИ

AP мәліметінше, ауа райының қалыптан тыс ыстық болуы мен жауын-шашынның аздығынан балық шаруашылығы саласының шығыны бірнеше миллион долларға бағаланып отыр.

Зардап шеккен елдердің қатарында Сербия, Словения, Босния және Герцеговина, Чехия, Румыния мен Венгрия бар.

– Еуропалық елдер мен бизнес 2026 жылғы дағдарысқа дайын болмай шықты. Енді оларға болашақта осындай қалыптан тыс ауа райы құбылыстарының салдарын азайтудың жолдарын іздеуге тура келеді, – деп жазады Associated Press.

Қалыптасқан жағдайды ауыл шаруашылығындағы өнім көлемінің төмендеуі, сондай-ақ сауда мен өзен арқылы жүк тасымалдау салаларындағы шығындар күрделендіріп отыр.

Бұған дейін Францияда аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан 2026 жылы картоп өндірісі 21%-ға қысқаратыны хабарланған еді. Бұл Бельгияның фри картобын өндіретін өнеркәсібіне қажетті шикізат тапшылығына әкелуі мүмкін.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы да Ормуз бұғазындағы жағдайға байланысты әлемде елеулі азық-түлік дағдарысы туындауы мүмкін екенін ескерткен болатын.