Аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанның екі облысындағы балабақшалар уақытша жабылды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанның Хорезм және Науаи облыстарындағы мемлекеттік балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, екі өңірдегі балабақшалар 14-17 шілде аралығында жұмыс істемейді. Бұл шешім Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитетінің ұсынысымен қабылданды.
Uzhydromet болжамына сай, 17 шілдеге дейін Өзбекстанда аптап ыстық жүреді. Республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы +43 градусқа, ал елдің солтүстік, оңтүстік және шөлейт аймақтарында +46 градусқа дейін көтеріледі.
Еске салайық, бұған дейін Қарақалпақстандағы балабақшалар уақытша жабылған еді.
Қоса кетсек, 2026 жылы Жер тарихтағы ең ыстық маусымдардың бірін бастан кешірді, мұхит температурасы жаңа рекордқа жетті.
Сондай-ақ, аптап ыстықтан Францияда сегіз ядролық реактордың қуаты төмендетілді.