«Аптап шөлдің ыстық күні» кинофильміне - 40 жыл

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда бүгін «Еуропаға қараған терезе» деп аталатын халықаралық фестивалінің аясында алғашқы кеңестік «батыстық туындының» - «Аптап шөлдің ыстық күні» кинофильмінің экранға шығуының 40 жылдығы салтанатты түрде атап өтілуде.

«Аптап шөлдің ыстық күні» кинофильміне - 40 жыл


Мерекенің басты қаһарманы таспа режиссері - фестивальға «Ақша қардың қызыл түсі» деп аталатын өзінің жаңа туындысын әкелген Владимир Мотыль болмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аптап шөлдің ыстық күні» кинолентасы экранға 1969 жылы шықты. Картинаны 1966 жылы түсіру ойластырылған еді, бірақ түсірілім тек 1968 жылдың басында ғана қолға алынды. Ұлттық фольклорды шытырман фильммен астастыру идеясын бастапқыда «Ленкомның» даңқты режиссері Марк Захаров ұсынған болатын.

Басты рөлді - қызыләскер Суховты - фильмде актер Анатолий Кузнецов ойнады. Мотыльге режиссерлік орынтақ көп ойланып барып сеніп тапсырылды. Оның мұның алдындағы картиналары - «Женя, Женечка» және «Катюша» - танымал болды, бірақ режиссердің өзі сенімсіздер санатында болды.

Фильм үшін арнайы әнге Исаак Шварц «Сенің игілігің қымбатты сәттілік» деген мәтін жазды. Дәл осы шығарма оған даңқ және жалпыхалықтық сүйіспеншілік әкелді.