Аптап ыстық 2070 жылға қарай қалыпты жағдайға айналуы мүмкін
АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгінде әлемнің біраз елін әбіржітіп отырған шектен тыс аптап ыстық 2070 жылға қарай қалыпты жағдайға айналуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік тұмса табиғат қорының Ресейдегі Климаттық бағдарламасының жетекшісі Алексей Кокоринге сілтеме жасап БҰҰ радиосы хабарлады.
Маманның айтуынша, «Ресейдің орталығындағы ыстық рекордтық температураға жетіп отыр, ал оның аномальдығы сол, ыстық тым ұзаққа созылып барады». Мамандардың мәліметтері бойынша, «мұндай ұзаққа созылған аптап ыстық Ресейде сонау 1936 жылы тіркелген екен, ал қазіргідей ыстықтың бір айдан асу факті содан бері болмаған көрінеді».
Кокориннің айтуынша, ғалымдар әзірге «мұндай аптап ыстықтың қашан және қандай жағдайда көтеріле беретінін дәл айта алмайды». Бірақ, 2003 жылы мыңдаған адамның жүрегі шыдамаған Франциядағы аптап ыстықтан кейін жасалған бағалауларға сүйенсек, мұндай аномальды ыстық 2070 жылға қарай қалыпты жағдайға айналуы мүмкін. Оған жол бермес үшін, адамзат зиянды газдардың сыртқа шығарылуын азайтулары керек.