Аптап ыстық, жел, шаңды дауыл - 15 маусымға арналған ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 15 маусым, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары қысымның әсерінен елдің басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, солтүстік-батыста фронттардың ықпалымен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, оңтүстікте дауыл тұрады.

Республика бойынша жел күшейеді, орталықта, күндіз батыста шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық болады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар