Аптап ыстыққа байланысты Ташкент метросының жылдамдығы шектелді

None
None
ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Ташкент метрополитенінің әкімшілігі аптап ыстық ауа райына байланысты күндізгі уақытта жер үсті желілеріндегі пойыздар жылдамдығы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.

«Температураның күрт көтерілуі нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздар Ташкенттің жет үсті айналма жолында сағат 18:00-ге дейін шектеулі жылдамдықпен (30-35 км / сағ) жүреді», - делінген ресми мәліметте.

Метрополитен әкімшілігінің дерегінде, пойыздар жылдамдығы күннің қай кезінен бастап шектелері және бұл жағдай қанша уақытқа дейін жалғасатыны туралы мәлімет айтылмаған.

Осы орайда айта кететін жайт, Өзбекстанда соңғы 80 жыл ішіндег3 абсолютті максимал температура тіркелді. «Узгидрометтің» хабарында 31 мамыр күні Бұхарада 43 градус ыстық тіркелген.


Соңғы жаңалықтар