Аптап ыстықтың салдары Ақтауда электр желісіне де әсер етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда аптап ыстықтың салдарынан электр желісінде ауытқулар пайда болды, деп хабарлайды tumba.kz.

Аптап ыстықтың салдары Ақтауда электр желісіне де әсер етті

«Елдің барлығы ауа баптағыштарды іске қосып жатыр, өз кезегінде ол электр желісіне айтарлықтай салмақ түсіріп отыр. Шағымданушылар саны да көп, мысалы апатпен күрес қызметі таңғы 8-00-ден бастап 16 шақырту алған»,-деп хабарлады «Ақтауэлектросервис» ЖШС-ның апатпен күрес қызметі.

Аталмыш қызмет өкілдері 5 шағын ауданда жоғары вольтты ірі апаттың алдын алды.