Аптасына 4 млн еуро — Криштиану Роналду Сауд Арабиясында қанша табыс тапты

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әль-Наср» командасына ауысқаннан кейін қанша табыс тапқаны белгілі болды. Каzinform агенттігі бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Криштиану Роналду
Фото: sports.kz

Daily Mail журналистерінің мәліметінше, Роналду Таяу Шығыстағы мансабы басталғалы бонустық төлемдер мен жарнамалық келісім-шарттардан түскен кірісті есептемегенде 175 млн еуро табыс тапқан.

Футболистің «Әль-Насрға» ауысатыны өткен жылдың желтоқсан айында ресми түрде жарияланды. Роналдуға Сауд Арабиясында жылына 200 млн еуро төленетіні хабарланды.

Осылайша, оған апта сайын төрт млн еуро аударылуда. Жұлдызды футболшының келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.