Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АПВ-ға қарсы вакцина бедеулікке әкелмейді – ҚазОРҒЗИ

АСТАНА. KAZINFORM – Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина бедеулікке әкелмейді. Мұны Қазақстандық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ) зерттеулері мен ресми деректері растайды. Бұл туралы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

ы
Фото: Астана әкімдігі

Оның айтуынша, АПВ-ға қарсы вакцинаның негізгі мақсаты – әйелдердің репродуктивтік ағзаларын онкологиялық аурулардан қорғау.

– ҚазОРҒЗИ зерттеулері мен ресми деректеріне сәйкес, 2013–2015 жылдары жүргізілген АПВ-ға қарсы вакцинацияның пилоттық бағдарламасына қатысқан 131 әйелдің соңғы он жыл ішінде бір немесе екі дені сау сәби дүниеге әкелгені тіркелді. Бұл деректер вакцинаның әйелдердің репродуктивтік денсаулығына кері әсер етпейтінін көрсетеді, – деді Айгүл Шағалтаева.

Спикердің сөзінше, екпе уақытында салынса, адам папилломасы вирусымен алғаш байланысқа түскенге дейін ағзада иммунитет қалыптасады. Соның нәтижесінде жатыр мойны обырының даму қаупі едәуір төмендейді.

Еске сала кетейік, Қытай ғалымдары бедеулікті емдеудің жаңа тәсілін тапты.