Әр адам дағдарыс кезінде не істеу керек деген сұраққа биылғы Жолдаудан жауап таба алады - Өмірбек Байгелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағдарыс кезеңінде әр адам не істеу керек деген сұраққа биылғы Елбасы Жолдауынан жауап табуға болады. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін өз пікірімен бөліскен белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Өмірбек Байгелді осылай деді.
None
None

«Қазір Қазақстанға ғана емес, әлем үшін де жағдай мәз емес. Бұл дағдарыс бұрынғыдан тереңірек, қаттырақ болып жатыр. Осыған байланысты Елбасы өзінің Жолдауының бағытын дағдарыстан қалай шығамыз дегенге сай етіп келтіріпті. Бұл құптарлық мәселе. Елді тығырықтан, қиыншылықтан шығарудың жолдары таратылып, ұзақ әңгіме айтылды. Әр өңірдің қай саласында не істелуі керектігі, әр басшы, әр министрден бастап, тіпті әрбір азамат не істеуі керек деген сұраққа осы Жолдаудан жауап табуға болады», - деп атап өтті Ө. Бәйгелді.

Оның айтуынша, Елбасы ұстанымын халыққа дұрыс жеткізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, онда барлық мәселелер жан-жақты қамтылып отыр. «Қарапайым мәселенің бірі - үнемшілдік. Дүниені босқа шашпау. Сол тұрғыдан алғанда Президент мұндай кезеңде халықтың қазына қаржысын ең алдымен пайда беретін тұсқа бөлу керектігін нұсқап отыр. Сондықтан да, қазіргі кезде министрден бастап қарапайым халық та ойлануы керек. Әлбетте, қазіргі күйдің ауыр екені рас. Дегенмен, Қазақстанның әр бағыттағы әлеуеті баршылық. Біз соған сенімдіміз», - деді Ө. Байгелді.

Соңғы жаңалықтар