Әр адам зейнетақы қорына табысының 10 пайызын тұрақты аударып отырғанда қазір оның табысы инфляция деңгейінен 1,5 есе жоғары болатын еді - Ерұлан Жамаубаев

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары көрсеткіштерінің деңгейі әлі талқылауды қажет ететін мәселе.
None
None

Оны ҚР Ұлттық банкінің Астана қаласындағы Үйлестіру депатаментінің директоры  Ерұлан Жамаубаев  бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты

«Қазір зейнетақы қорларындағы мәселелер толыққанды шешіліп жатыр. Біріншіден, біз алдағы аптада параметрлік өзгерістер енгізуді көздеп отырмыз. Оған Дүниежүзілік банктің көмегі тиюі керек. Екіншіден, қаржы ұйымдары немесе зейнетақы қорлары өз қызметін толығымен заңдастыруы қажет. Қандай да бір олқылықтар болып жатса, оның алдын алу керек. Үшіншіден, табысты толтыруға мүмкіндік беретін қаржы құралдарын арттыруға жол ашу  қажет. Осы үш мәселені шешсек, жинақталған зейнетақы салымдарының мөлшері жеткілікті болады», - дейді Ерұлан Кенжебекұлы. Оның айтуынша, «МЗЖҚ» АҚ-ы комиссиялық сыйақысын 2 көрсеткіш бойынша азайту арқылы үлгі көрсетіп отыр. Бұл қордың табысын азайтқанмен, болашақ зейнеткерлердің табысын өсіреді. Егер 1998 жылдан бері әр адам зейнетақы қорына өзінің табысының 10 пайызын тұрақты аударып отырғанда, қазір оның табысы инфляция деңгейінен 1,5 есе жоғары болатын еді. Өкінішке орай кейбір талдаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары 3 не 5 жылдық кезеңді бөліп алып, зейнетақы қорларының табысы инфяция деңгейінен төмен деп жүр. Бұл дұрыс емес.

Соңғы жаңалықтар