ӘР-да әзірбайжандық диаспоралық ұйымдардың Орталық Азия елдеріндегі үйлестіру кеңесі құрылады
БАКУ. 5 шілде. ҚазАқпарат - 2012 жылдың екінші жартысында әзірбайжандық диаспораның әлемдегі қызмет аясында бірқатар шаралар өткізу жоспарланған.
Бұл туралы бүгін диаспорамен жұмыс бойынша Мемлекеттік комитетті құрудың 10 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында журналистерге комитеттің төрағасы Назым Ибрагимов айтты.
«2012 жылдың аяғына дейін әзірбайжандық диаспоралық ұйымдардың Ортаық Азиядағы үйлестіру кеңесі құрылады», - деп хабарлады Н.Ибрагимов.
Оның айтуынша, комитет сондай-ақ 2012 жылдың аяғына дейін әзірбайжандық интеллигенцияның жиналысы мен әзірбайжандық диаспораның шетелдегі басқа да бірқатар ірі шараларды өткізуді жоспарлауда.